Елордада мешіт жамағаты 350 отбасыны қуанышқа бөледі

26 мамыр 2020 5481 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінің ұжымы мен жамағаты бірлесіп 350 мұқтаж отбасына азық-түлік қорабын таратты.

Рамазан айының соңғы күнінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясының аясында көпбалалы және мұқтаж отбасыларға азық-түлік және сиыр еті таратылды. Мешіт жанынан ұйымдастырылған игі шараға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы Қанат Алшынбай,  Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Арман Пирзадаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Дінмұхамед Сманов және «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов қатысты.

«Адамдардың ең қайырлысы өзгеге пайдасы тигені» деп хадисте айтылғандай, Бас имам Нұрлан Рамазанов осы шараның жүзеге асуына атсалысып, көмек қолын созған мешіт жамағатына алғысын білдірді. Карантин жағдайына байланысты азық-түлік қорабы тұқтаж отбасылардың мекен-жайларына жеткізілді.

Айта кетейік, «Нұр Астана» мешіті бұған дейін де «Жүрек жылуы» акциясының аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастырған болатын.

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру