ЕЛОРДАДА «ҚАЖЫЛЫҚ – БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
20 шілде 2023
7726
0
Оқу режимі
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қажылық – бес парыздың бірі» атты Елорда имамдарына арналған семинар өтті. ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітовтің қатысуымен өткен жиынның басты мақсаты да – қажылықтың қадір-қасиетін паш етіп, оның жамағат алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілігін насихаттау болды.
Осы орайда ҚМДБ қабылдаған «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы тағы бір талқыланып, қажылыққа қатысты жұмыс бағыттары түзілді. Семинар соңында белгілі ақын, жақында ғана Түркістан қаласында өткен «Адамзаттың ардағы, қос дүние сардары» республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері Жәкеш Ғалым өлең оқып, қажылық сапарындағы әсерлерімен бөлісті.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру