Елордада ҚМДБ құжаттарын насихаттау семинары өтті (ФОТО)

17 наурыз 2022 2880 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарына арналған ҚМДБ құжаттарын насихаттау семинары өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиынға Елорда мешіттерінің имамдары мен жеті жұмыс бағытына жауапты мамандар қатысты.

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағытын айқындап, тың серпін берген концептуалды құжаттар тағы бір талқыланып, ішкі ережелер мен жұмыс тәртібіне тірек ретінде пайдалану ұсынылды. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары аталмыш құжаттар жөнінде арнайы баяндама жасады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен әр жылдары ұйымдастырылған Имамдар форумында қазіргі уақытқа дейін 10 құжат қабылданған болатын: «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Жеті рухани қазық», «Діни рәсімдер тізілімі», «Діни лауазымдар тізілімі», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» және «Зияткер имам» тұжырымдамасы.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру