Елордада республикалық семинар-кеңес өтті (ФОТО)

18 наурыз 2022 2359 0
Оқу режимі

Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңес өтті.

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі өткізген семинар-кеңеске мүфтиятқа қарасты медресе-колледждердің арнайы пән ұстаздары мен оқу ісінің меңгерушілері қатысты.

Екі күнге созылған семинар барысында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында кадрлар даярлаудың өзекті міндеттері айқындалып, тәжірибе алмасу, модульдік-құзіреттілік тәсіл негізінде кәсіби мамандар даярлау жолдары талқыланды.

Сондай-ақ «Дінтану және теология» бейіні мамандықтарының модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қазақ тілінде кәсіптік модульдерге оқу құралдарын әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылып, тізімі анықталып, жұмыс жүргізілді.

Семинар соңында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев ауқымды іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру