ЕЛОРДАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «МЕДРЕСЕ ТЕМІР АДАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

09 қазан 2022 2999 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде І Республикалық Медресеаралық «Медресе темір адамы» спорттық сайысы өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Астана өкілдігі және «Астана» медресесінің ұйытқы болуымен тұңғыш рет республика көлемінде өткен дүбірлі додаға еліміздегі тоғыз медресе және Хусамуддин Сығанақи иниституының шәкірттері қатысып, сайыс көрігін қыздырды.

Үміткерлердің білек күші мен білімін қатар сарапқа салатын «Медресе темір адамы» республикалық сайысы еліміздің түкпір-түкпіріндегі шәкірттер арасында таныстық, достық орнатып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бірегей қадам болмақ. Айтулы шараға арнайы қатысқан ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков шара маңыздылығын осылай атап өтіп, қатысушыларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, сәттілік тіледі.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Эстафета» номинациясында командалар суға жүзу (100м), жүгіру (400м), садақ ату (18м) кезеңдері  бойынша күш жарыстырды және әр кезеңге бір шәкірттен қатысты.

Ал «Темір адам» номинациясы бойынша әр медреседен тек бір ғана шәкірт қатысып, суға жүзу (200м), Пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаяны бойынша сынақ (30 сұрақ), жүгіру (2км), садақ ату (15-20м) сынды төрт кезеңді бағындырудағы көрсеткіштері есепке алынды.

Байқату қорытындысы бойынша төмендегі шәкірттері І Республикалық «Медресе темір адамы» спорттық сайысының жеңімпазы атанып, жұлделі сыйлықтарға ие болды.

«Эстафета» номинациясының 100 м қашықтықта суға жүзу кезеңі бойынша:

1-орын – Бектұров Даниял («Сарыағаш» медресе-колледжі)
2-орын – Құрманбек Рахым («Үшқоңыр» медресе-колледжі)
3-орын – Бердекен Пана («Орал» медресе-колледжі)

400 м қашықтықта жүгіруден

1-орын – Абдиссаламов Ниятдин («Үшқоңыр» медресе-колледжі)
2-орын – Өсербай Әбдісаттар («Хибаттула Тарази» медресе-колледжі)
3-орын – Қанатқали Жалғас («Әбу Ханифа» медресе-колледжі)

18 м қашықтықта садақ атудан

1-орын –  Орынбасаров Эльдар («Орал» медресе колледжі
2-орын – Абылай Дінмұхаммедәли («Астана» медресе-колледжі)
3-орын – Мұратов Алихан («Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжі)

«Медресе темір адамы» номинациясы бойынша бас жүлде – кіші қажылық жолдамасын «Астана» медресе-колледжінің шәкірті Бөгенбай Нұрмұхаммед қанжығасына байлады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру