ЕЛОРДАНЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ РАНТ МҮШЕСІ ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

20 қараша 2025 395 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде Уағыз-насихат бағыты бойынша РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлымен дәріс өтті.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында өрбіген семинарда қатысушыларға имандылық пен рухани дамудың маңыздылығы түсіндірілді. Діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, жастарға насихат жүргізу әдістерін жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар мен мысалдар қарастырылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелік ой бөлісу арқылы бір-бірімен пікір алмасты.

Кездесу соңында дәріс жүргізушісі Қуаныш Тоқсанбайұлы қатысушыларға үлкен ақ батасын беріп, алдағы уақытта рухани тәрбие мен уағыз-насихат жұмыстарының сапасын арттыруға шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру