ЕЛОРДАНЫҢ ПӘТУА МАМАНДАРЫ ЖАҢА ПӘТУАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

17 қараша 2026 107 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда мешіттеріндегі Пәтуа бөліміне жауапты мамандардың қатысуымен арнайы жиын өтті.

Жиынды Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы бойынша жауапты маманы Жолдас Қоспақұлы жүргізді. Басқосуға елорда мешіттерінің пәтуа мамандары қатысты.

Жиында шариғат мәселелері талқыланып, ҚМДБ жаңадан қабылдаған бірқатар пәтуа таныстырылды. Жолдас Қоспақұлы пәтуа берудің үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, мамандарды ҚМДБ-ның ортақ ұстанымын басшылыққа алуға, әрбір сұраққа байыппен жауап беруге шақырды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру