Ерсін Әміре «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты (ФОТО+ВИДЕО)

07 қыркүйек 2018 8588 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміре республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Астана қаласына арнайы келген ғалым Бас мешіт жамағатына «Заманауи мұсылман келбеті» тақырыбында ой толғап, шынайы мүміннің қазіргі заманға сай іс-әрекеті мен мінез-құлқын сипаттап өтті.

Бас мешіт мінберіне белгілі ғалымның шығатынын естіген Астана қаласының тұрғындары да бүгінгі жұма намазын «Әзірет Сұлтан» мешітінде оқуға асыққандай. Аумағы атшаптырым алып мешіттің ішінен бүгін ине шаншарлық орын табу қиын болды десек артық айтпаймыз. Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерімен көмкерілген ғалым уағызы жамағат көңілінен шығып, рухани байыта түсті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру