ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ (ФОТО)

03 қазан 2023 1374 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне қонаққа келіп, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Діни теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастырып, жастарды қажетті ақпараттармен таныстыру мақсатында университет ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен бұл шара студенттер үшін, расында да, пайдалы өтті.

Білім жолындағы жастарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қарсы алып, құлшылық ордасымен таныстырды. Кездесу соңында жастарға насихат айтып, адам ғұмырының ең қуатты шағы – жастық кезеңді білім-ғылымға, өнер үйренуге үндеді.

Сондай-ақ, студенттер жастарға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, елімізге белгілі қари Жұманазар Садырханов да асыл дініміз жайлы ақпараттық насихат айтып, қажетті мағлұматтармен бөлісті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру