Ғұламалар кеңесі ел тұрғындарын бірлікке үндеді (ФОТО)

12 қаңтар 2022 3851 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс ХХХІІІ мәжілісі өтті. Мәжіліске Ғұламалар кеңесінің Алматы қаласындағы мүшелері онлайн қатысты.

Мәжіліс Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде шейіт болған сарбаздарымыз бен бейбіт тұрғындардың рухына Құран бағыштаумен басталды. Бас мүфти Алла Тағаладан еліміз бастан кешкен қиындықты тезірек жеңілдікке алмастырып, бейбіт күнімізді баянды еткей деп дұға етті.

«Халқымыз «Көңіл – көңілден су ішеді» деген. Еліміздегі қайғылы жағдай тұрақтылық пен тыныштықтың қадірі мен маңызын меңзеді. Саналы адамдар бірлік деген ұғымның баға жетпес байлық екенін сезіне түсті деп санаймын. Сондықтан халықты бірлік пен игілікке үндеп, ең әуелі ынтымақты өзімізден бастауымыз керек» деген Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі ахуалға байланысты атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді атап өтті.

Ғұламалар кеңесінің мүшелері қара жамылып, қамкөңіл күй кешіп отырған отбасыларға дұға-тілегін арнап, қайғыларына ортақ екенін білдіріп, халықты бірлік пен игілікке шақырды.

Мәжіліс барысында сондай-ақ мемлекет мүддесі үшін игі істе бірігу, болып өткен жағдайларға қатысты пәтуалар шығару, ҚМДБ тарапынан атқарылуы тиіс шаралар жайлы мәселелер талқыланды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру