ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ПӘТУАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ
25 сәуір 2026
110
0
Оқу режимі
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Алматы қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 48-інші мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.
Мәжіліс барысында «Уәдені орындау үкімі», «Жалға берілген жердің ұшырын беру үкімі», «Чайлдфри үкімі», «Кейіннен мүлікті иелену құқығымен жалға алу (Ijarah) үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды.
Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.












Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру