Ғұламалар кеңесінің ХХХІV мәжілісі басталды (ФОТО)

02 маусым 2022 2393 0
Оқу режимі

Бүгін Қарағанды облысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХХІV мәжілісі басталды. Алқалы жиынға кеңес мүшелері қатысуда.

Мәжілісті ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымын алаңдатқан көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғатқа сай пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды. 

Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жыл сайын жанданып келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы Пәтуалар жинағының үшінші кітабын шығардық. Сондай-ақ ғылыми жобаларды да қолға алдық.

Бүгінгі мәжілісімізде бірқатар өзекті мәселелер, атап айтқанда, монополия үкімі, мұсылман емес кісіге тұрмысқа шығудың үкімі, биржада акцияны сатып алу және сату үкімі, құнды қағаздан зекет беру үкімі, АХАТ арқылы неке қиюдың шариғи үкімі сынды тақырыптарда әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, бекітіледі» деп атап өтті.

Айта кетсек, бүгінгі кеңес жұмысында маңызды концептуалды құжатты да талқыға салып, бекіту жоспарланған. Атап айтқанда, «Яссауи кесенесін зиярат ету мәдениеті мен әдебі» құжаты қаралады.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру