«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

27 тамыз 2022 3091 0
Оқу режимі

Тараз шаһарында орналасқан «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде талапкерлерді оқуға қабылдау емтиханы өтті. 

Болашақ студенттерден сынақты емтихан комиссиясы құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы мен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы болды. 

16 талапкер діни білім, Құран бойынша мамандармен жеке-жеке сұқбаттан өтті.

«Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» дейді пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын). Ал ілімдердің ішіндегі ең маңыздысы – Алланы тану, діни білім екенін айта кетейік. 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру