«ИМАНИ ЖАЗ-2024» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

10 маусым 2024 301 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының басталу шарасы өтті. Оған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, батасын берді.

Әуелі қасиетті Құран аяттары оқылып, бата жасалған соң, шара тізгінін ұстаушы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сөз кезегін ұсынды.

Мүфти хазірет өз сөзінде бүлдіршіндер мен ата-аналарға шариғи білім алудың маңызы мен ерекшеліктерін, жазғы сауат ашу курсының басымдық беретін тұстарын айта келе, ең бастысы балалардың тәртібі мен денсаулығы және қауіпсіздігі екенін қаперге салды.

Жиын барысында осы жылы алғаш рет қолданысқа еніп жатқан «Имандылық әліппесі» оқулығының лента қию рәсімі өтті. Бас мүфти «Мүфтият» баспасынан жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» негізінде жазылған оқулықты балаларға өз қолымен таратып берді.

Жиын соңында ақсақалдар арнайы бата берді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру