«ИНАБАТ» ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР КЛУБЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)

15 ақпан 2024 685 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Инабат» қыз-келіншектер клубының мүшелері халықаралық кітап сыйлау күніне орай таңғы ас ұйымдастырды.

Кездесуде «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Нұргүл Әлиханқызы кітаптардың ең ұлысы Құранды оқудың артықшылықтары, білім алудың маңыздылығы туралы, Мухлиса Сайдуллақызы білім алудағы ниет пен ықыластың маңыздылығы туралы уағыздар айтты.  

Пайдалы отырыстың соңында клуб мүшелері  бір-біріне кітап сыйлап, осындай кездесулердің алдағы уақытта жиі болып тұратынан жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру