Иранда коронавируске шалдыққандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді

05 маусым 2020 4361 0
Оқу режимі

Кеше Иран елінде коронавирус індетіне шалдыққан науқастар саны рекордтық көрсеткішке бірақ жетті. Өткен тәулік ішінде 3,5 мыңнан астам ирандық коронавирус белгісімен ауруханаға түскен. Бұл жайында Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Киануш Джаханпур мәлім етті.

«Өткен тәулік ішінде 3574 адамнан коронавирус белгісі табылды. Жалпы науқастардың саны 164 270-ке жетіп отыр. Олардың ішінде 127 485 адам сырқаттан сауыққан», – деп атап өтті ол. Оный айтуынша, соңғы 24 сағат ішінде коронавирус індетінен 59 адам көз жұмған. Ал, жалпы құрбандардың саны 8071 болған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру