Ирандық босқын математика саласы бойынша әлемдік жүлдеге ие болды

03 тамыз 2018 8427 0
Оқу режимі

Рио-де-Жанейро қаласында өткен Халықаралық математика конгресінде бірқатар ғалымдарға «Филдс жүлдесі» табысталған болатын. Атақты Нобель сыйлығымен пара-пар саналатын бұл жүлдеге ие болғандар қатарында ирандық босқын Кашер Биркар да бар болып шықты. Ол Ұлыбритания жеріне ирак-иран соғысы кезінде қашып келген екен.

Алғашында ағылшын тілінен аты-жөнін жазуға қианалатын Кашер Биркар аз ғана уақыт ішінде табандылығының арқасында осы жетістікке жетіп отыр. Қазіргі таңда ол Кембридж университетінің құрметті профессорларының бірі саналады.

Пікірлер Кіру