«ИСЛАМДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ КЕЛБЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

11 мамыр 2023 3629 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «AQMESHIT» мешітінде жамағатқа арналған «Исламдағы қазақ әйелінің бейнесі» атты семинар өтті. Қасиетті Құран аяттарымен басталған жиынға Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қатысып Ислам дініндегі әйелдің маңызы туралы сөз сөйледі.  ҚМДБ Астана қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Бухарбаева Эльмира ұстаз сөз сөйлеп, әйел жамағатына тағылымға толы насихат айтты. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мухлиса Сайдулақызы қазақ халқының шариғатты ұстануы туралы тың ақпараттармен бөліссе, Республикалық Бас мешіт ұстазы Қарлығаш Талқанбаева қазақ дәстүрі мен Ислам дінінің тонның ішкі бауындай қабысып жатқанын айтып тақырыпты аша түсті.  Семинарға тігін саласы бойынша жеке кәсіпкер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанар Жақсығұлова да шақырылды. Ол жиналған жамағатқа кимешектің түрлері мен жас ерекшелігіне қарай орамалды тағу үлгілерін көрсетті. Киелі орамалдың тарихымен таныстырып, қазақ аналарының дін шеңберінен аспағанын атап өтті.

 

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру