Исламдық қаржыландырудың игілігі мол (ФОТО)

21 тамыз 2019 4401 0
Оқу режимі

Алматыдағы діни басқарманың ғимаратында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Аль Сақр Финанс» АҚ ТМД нарығында қызмет көрсететін жетекші исламдық қаржылық компанияның басқарма төрағасы Данияр Оспановты қабылдады.

Әңгімеге соңғы жылдары бүкіл әлемде рөлі артып келе жатқан исламдық қаржыландырудың Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытуға ықпал ету мақсатында оған қор құюдың балама көздерін енгізу жайы сөз болды. Оның ішінде индустриялдық даму жоспарларын жүзеге асыру үшін сыртқы ұзақ мерзімді инвестициялар тарту қажеттігі, инвестициялық ағындарды әртараптандыру, сондай-ақ халыққа қаржыландырудың балама көздерін ұсыну туралы пікірлер ортаға салынды. Бұл үшін ең алдымен Исламдық қаржы жүйесінің не екенін және оның қалай жұмыс істейтінін көпшілікке түсіндіру қажет. Осыған орай Наурызбай қажы Тағанұлы Исламдық банк жүйесі қызметкерлерінің діндарлар арасында исламдық қаржыландырудың тәртібі мен ерекшелігі жайлы жүйелі түрде семинарлар өткізу және келесі жылдан бастап бұған қатысты нақты іс-шаралар белгілеу қажеттігін қаперге салды.

Дереккөз: Оңғар Өмірбек

Пікірлер Кіру