«ІЗГІ АНАЛАР ІЗІМЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

16 ақпан 2024 1873 0
Оқу режимі

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ізгі аналардың ізімен» тақырыбында республикалық форумы өтті. 

Жиынға наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы және ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы қатысты. Наиб мүфтиі Кенжеәлі Қоңыратбайұлы алғысөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қыжы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Тарихтағы аналар келбеті жайында тарқатып айтты.

Форумда Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы  өмір жалғасын сабақтастырушы әйелдер жайлы баяндама оқыды. Қазақстан оқу ағарту ісінің үздігі, тарихшы Амангүл Дәулетбайқызы «Қазақ тарихындағы аналар даналығы» тақырыбында сөз қозғады. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы және сектордың Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы қазақ аналарының келбеті мен аналар аманаты жайында арнайы баяндама жасады.

Сонымен қатар Жамбыл, Алматы облысының әжелер мектебінің мүшелері, ұстаздары және Астана өкілдігі бойынша сектор жауаптысы Эльмира Бұқарбаева республикалық форумда құттықтау сөз сөйледі. 

Форумда тарихи қойылымдар қойылып, бейне-роликтер көрсетілді. Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінің әжелер мектебі әннен шашу шашты. Нәзік жандыларға жәдігер ретінде 2-3 ғасырлық кимешектер мен Ресейде сақталған 1 ғасырлық күміс білезік көрсетілді. Әйел-аналар мен ақ жаулықты әжелер басқосуы қыз-келіншектерге өнегелі дәстүр құндылығын дәріптеуге үлес қосты. 

 Дереккөз: azan.kz

Пікірлер Кіру