Хәкім Абай елінде Ихсан кітабының танытымы өтті (ФОТО)

04 қазан 2021 3742 0
Оқу режимі

Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Абай жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы бұл еңбектің мән-маңызына тоқталып: «Соңғы жылдары қазақ тілінде жарық көрген діни әдебиеттердің саны ғана емес, сапасының да артқаны белгілі. Осы уақытқа дейін адамды рухани тұрғыдан жетілдіріп, адамгершілік тұрғысынан өзгертуге бағытталған еңбектерді түрік не араб тілінен аударып келгеніміз ақиқат. Аталмыш еңбектердің орнын баспаса да, уақыт талабына жауап бере алатын танымдық кітаптың қажеттілігін дін мамандары көптен сезінген. Осы орайда, еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты туындының қалың оқырманға жол тартқаны бәрімізді қуантты.

Қуанышымызды бөлісуге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Ендігі жерде Ихсан ілімін, аталмыш танымдық еңбекті Хәкім Абай топырағында насихаттауға сіздер де үлес қосыңыздар», – деді.

Сондай-ақ, кездесу барысында қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

 

Дереккөз: Абай Құнанбайұлы атындағы Семей Oрталық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер Кіру