«ХАЛАЛ ДАМУ» ДИРЕКТОРЫ АСТАНА ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

22 қазан 2022 2125 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі қызметкерлерінің Халал индустриясы саласындағы біліктілігін арттыруға арналған семинар болып өтті. ҚМДБ «Халал даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы өткізген семинар жұмысына қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған діни қызметкерлер ұжымы қатысып, тұшымды мағлұматтар тыңдады.

Халал инудстриясының маңыздылығы мен шарттарын, «Халал даму» ұйымының жұмыс бағытын түсіндіре отырып, көптеген тың жайттардың басын ашқан Айбек Асқарбекұлының баяндамасы Елорда имамдарының біліктілігін арттыруға өз үлесін қосты. Бұған қоса, арнайы көрнекілік тақтасы арқылы ұсынылған мәліметтер де қатысушылардың білімдерін байыта түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру