«Халал даму» ЖШС малайзиялық «Sunrus» күнбағыс майын сертификаттады (ФОТО)

04 ақпан 2019 6506 0
Оқу режимі

Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында тіркелген "Rhodium Phoenix Asia" SDN.BHD компаниясының өтінішімен Ресейдің Краснодар қаласында өндірілетін "Мамруковское" сұйық майы ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-нан сертификаттаудан өтті. Алдағы уақытта "Мамруковское" сауда белгісімен танылған күнбағыс майы Малайзияға "Sunrus" атауымен экспортталатын болады.

Соңғы үлгідегі жаңа техникамен жабдықталған әлемдік стандарттар мен сапа талабына сай өнім өндіретін Ресейлік "Мамрук" ЖШС-і рафинадталған және рафинадталмаған 100% таза күнбағыс майы, олив майын шығарумен айналысады. Мекемеде жылына 2000 тонна май өндіріледі.

"Мамрук майы" сауда белгісімен танылған "май өнімдері" тек қана Ресей емес, алыс-жақын шет елдердің сауда нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ресей Федерациясының Оңтүстік аймағында "май өндіруші" компаниялардың арасында үздік үштікке кіреді.

Аталған кәсіпорынды сертификаттау үшін Краснодар қаласына арнайы іс-сапармен барған "Халал Даму" ЖШС-ң директоры Ә.Елжанов мекеменің халал стандарт талаптарына сай өнім өндіретіндігін тексеріп, инспекциялық жұмыстар жүргізді. Лабораториялық сынақ жұмыстары оң нәтежиесін беріп, 2 күнге созылған инспекциялық жұмыс қорытындысына сәйкес "SUNRUS" күнбағыс майын экспорттайтын Малайзиялық "Rhodium Phoenix Asia" SDN.BHD компаниясына "ҚМДБ халал" сертификаты табысталды.

 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру