ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ХАЛАЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18 мамыр 2024 1685 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қазан қаласында өтіп жатқан «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумына барған мүфтият делегациясы, атап айтқанда, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы мен «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы «Халал индустриясында кадр дарялау жүйесін құру» секциясына қатысып, баяндама жасады. 

Конференцияға Малайзиялық Исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымы директорының орынбасары Мұхаммед Замри, Ислам елдері үшін стандарттау және метрология институтының (SMIIC) директоры Ихсан Овют, Ресей мұсылмандары діни басқармасына қарасты халықаралық халал стандарттау және сертификаттау орталығының басшысы Айдар Габдуллович, Татарстандық халал стандарттау комитетінің төрағасы Аббяс Фатихович, Белоруссиялық «Белхаляль» халал жүйесін сертификаттау жөніндегі ресми мекемесінің басшысы Рустам Александрович те қатысты. 

Конференцияға қатысушыларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізген Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы: «Форумға қатысушылардың көпшілігі 2023 жылы Алматы қаласында өткізілген халықаралық «Halal EXPO 2023» көрмесіне қатысқан болатын. Әріптестігімізді арттырып, байланысымызды нығайта түскендеріңіз үшін алғысымды білдіремін», – деп қатысушыларды 17 мамыр халықаралық халал стандарттау күнімен құттықтады. 

«Сонымен қатар, конференция барысында халал индустриясындағы ортақ мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Соның ішінде, халал саласындағы кадр тапшылығын жою, мамандардың біліктілігін арттыруға қатысты өзара іс-тәжірибе шараларын ұйымдастыру қарастырылды. Халал жүйесін Сонымен қатар, халықаралық халал индустриясының даму бағыты мен бәсекеге қабылетті халал өнімдер түрі мен санын арттыру мәселесі қозғалды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру