Хиджабтағы тұңғыш тележүргізуші Британ орденіне ие болды

05 қаңтар 2020 4628 0
Оқу режимі

Ұлыбритания телеарналары арасында тұңғыш рет хиджабпен экранға шығып, танымалдыққа ие болған Надия Хуссейн Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің қолынан «Британ империясының аса мәртебелі орденін» алып, марапатқа ие болды. Британия көрермендері арасындағы кеңінен танымал Great British Bake Off реалит-шоуының жеңімпазы атанған Надия Хуссейн аспаздық тақырыптағы арнайы хабар жүргізіп, тележурналистика саласында көптеген жетістіктерге жеткен болатын.

Дәл осы еңбегі үшін де оған рыцарлік орден табысталып, тележүргізушілік және аспаздық жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кетейік, қазіргі таңға дейін Надия өзінің телбағдарламаларына қоса, бірнеше кітап та шығарып үлгерген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру