КӨКШЕТАУДА АЙМАҚТЫҚ АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

13 қазан 2023 1933 0
Оқу режимі

Бүгін Көкшетау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қариялар – дәстүрімнің қазығы» тақырыбында аймақтық ақсақалдар форумы өтті. Игі басқосуға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Форумда негізгі баяндама жасаған Наурызбай қажы Тағанұлы: «Шын мәнінде кей жағдайда дін қызметкерінің қауқары жетпейтін мәселенің шешілуіне қарияларымыз оң үлес қосуда. Біз осыған дейін ел арасында көрініс тапқан ысырап пен шариғатымыз талап етпеген іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында имамдардың кезекті форумында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарын қабылдадық. Осы құжаттарымызды ел арасында белсенді түрде насихаттап, мәселені жіті түсіндіріп, Діни басқарма бастамасына қолдау көрсеткен қарияларымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Алла разы болсын! Ақмола облысындағы қарияларымыз да құдайы астарда ысырапқа жол бермеу туралы бастамамызға қолдау көрсетті. Алла Тағала қазыналы қарияларымызға күш-қуат нәсіп етсін», – деді.

Форумда баяндама жасаған зиялы қауым өкілдері әлеуметтік желіде домбыраны, беташарды, келіннің сәлем салуын харам деп санайтын кейбір жас буын өкілдеріне қариялар да жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру