«Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен рухани кездесу өтті
Астана қаласындағы «Ана мен бала орталығының» онкологиялық балалар бөлімінде ерекше мәні бар рухани кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында мешіттің жастар ісі секторына жауапты Бердімуратов Хурсан ұстаз «Сабырлық – мұсылманның тірегі» тақырыбында насихат жүргізіп, ата-аналарға рухани демеу болды. Қиындықтың артында жеңілдік бар екенін, әрбір сынақтың Алланың даналығы екенін түсіндіріп, жүректерге үміт пен сенім ұялатты.
Кездесу барысында ата-аналардың көңіл-күйін көтеріп, жүректеріне үміт сыйлау мақсатында әсерлі әңгімелер айтылып, сабыр мен шүкіршілік тақырыбы кеңінен қозғалды. Әсіресе, өмірдің сынақтарына төтеп беруде сабырлықтың маңызы ерекше екені атап өтілді.
Кездесу барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, рухани тұрғыда серпіліс алды.
Алла Тағала барша науқас балаларға шипа беріп, ата-аналарына сабыр мен күш-қуат нәсіп етсін!



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі