«КӨКТАЛ» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ ЗАҒИП ЖАНДАРДЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

05 наурыз 2024 609 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінің ұжымы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаға барып, сол жердегі қарияларды зиярат етті. Ақ жаулықты аналарымыз бен ақсақалдарға дастархан жайылып, сый-сияпаттар үлестірілді.

Мешіт имамдары қарттармен сұхбат құрып, өзара пікірлер алмасты. Жиын соңында жүрек көзі ашық көнекөз қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

 

Пікірлер Кіру