«КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ АЛЛЕЯСЫНДА» АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

13 мамыр 2023 1356 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Конфессияаралық келісім аллеясында» Астана қаласының Діни бірлестіктерінің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті.

Акция аясында Президенттік саябақта қаланың Діни бірлестіктерімен 40 түп ағаш отырғызылды.

Іс-шара барысында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы сөз сөйлеп, игі істі әр түрлі дін өкілдерінің бірлесіп атқаруы көпке үлгі екенін атап өтті.    Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы – Әлмұханов Нұрдаулет Иманәліұлы және «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Сәрсенбаев  Болат Серғазыұлы  сөз сөйледі. Сондай-ақ, Астана қаласындағы Православ шіркеуінің өкілі Дмитрий Байдек те сөз сөйледі.

Айта кетейік, аталған іс-шара 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін жыл сайын өткізіліп келеді

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру