Лаңкесті ұстауға көмектескен үйсіз жанға халық 100 000 доллар жинап берді

16 қараша 2018 5713 0
Оқу режимі

Австралия тұрғындары баспанасыз қалып, көшеде түнеп жүрген Майкл Роджерс есімді отандастарына бір апта ішінде 100 000 доллар көлемінде қаражат жинап берді. Олардың мұншалықты қайырымдылық көрсетулеріне Майкл Роджерстің ойламаған жерден ерлік көрсетіп, сауда орталығына баса-көктеп кірген лаңкесті құрықтауға көмектескен әрекеті себеп болған.

Айта кетейік, террорлық әрекет 9-қараша орын алған болатын. Сауда орталығына көлікпен бұзып кірген лаңкес бір адамды пышақтап өлтіріп, тағы үшеуін жарақаттап үлгерген болатын. Осы кезде Майкл Роджерс жүк таситын арбашамен лаңкестің жолын бөгеп, ақыр соңында оны құлатып тынады.

Отандастарын бұл ерлігін естіген австралиялықтар бір апта ішінде 100 000 доллар жинаған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру