МАЛАЙЗИЯ ЕЛШІСІМЕН ХАЛАЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

16 тамыз 2023 2257 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Малайзияның Қазақстандағы елшісі Мухаммад Адли Бин Абдулла мырзамен кездесті. 

Кездесу барысында екі ел арасында әріптестік ынтымақтастықты арттыру бойынша халал бағыты сөз болды. Тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы халал өнімдер айналымын және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал өнім өндіруші кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандардың білімін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, елші мырза Діни басқарманың әр жылы өткізетін «HALAL EXPO» көрмесіне қызығушылық танытып, осы жылы өтетін үшінші «HALAL EXPO-2023» көрмесіне міндетті түрде қатысатынын және малайзиялық халал өнім өндіруші кәсіпорындарды да қатыстыру туралы ойын айтты.

Кездесу соңында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы өзара ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Дереккөз: halaldamu.kz

Пікірлер Кіру