МАҢҒЫСТАУДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

26 қаңтар 2024 979 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында Әбу молда атындағы мешіт ашылып, жамағат игілігіне берілді.

Дәулет ауылында бой көтерген мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы және «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы арнайы қатысып, игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді.

Мешітке Бас мүфти бұйрығымен имам қызметіне Берік Жыңғылбайұлы тағайындалды. Бұған дейін,Қызылтөбе-2 ауылдық Мұстафа мешітінде ұстаздық қызмет еткен имамды облыс бас имамы жиналған  жамағатқа таныстырып, еңбегіне береке тіледі. Әнуар Ізімбайұлы  өз құттықтауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді

Айта кетейік,»Әбу молда»  мешіті  Мұнайлы ауданындағы  ашылған жетінші мешіт. Жуырда  Мұнайлы аудандық Батыр ауылынан салынып жатқан сегізінші мешіт құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру