Мәскеу митрополиті Ораза айтпен құттықтады

25 мамыр 2020 3253 0
Оқу режимі

Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеу істері бөлімінің митрополиті Иларион Волоколамский ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айтпен құттықтау хатын жолдады.

«Сізді Рамазан айының аяқталуымен қатар келетін  Қасиетті Ораза Айт мерекесімен құттықтаймын.

Бұл мереке жоғары рухани құндылықтарды, жақсылықтарды және бейбітшілікті ұлықтайды. Қазіргі қиын кезеңде діни қауымдастықтардың арасындағы келісім, көмек және ықпалдастық сияқты құндылықтарға мұқтаж.

Алдағы уақытта да Орыс Православ Шіркеуі мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасындағы ынтымақтастықтың, соның ішінде Нұр-Сұлтандағы Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезі аясындағы жұмыстардың жалғасын табатынына сенім білдіремін.

Сізге және жақындарыңызға денсаулық, шаттық және жақсылық тілеймін» делінген құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру