Мәскеуде «Қазақ мәдениеті» күні өтті (ФОТО)

07 маусым 2019 432 0
Оқу режимі

3 маусым күні Мәскеу қаласының діни басқармасының ұйымдастыруымен Мәскеу Мемориалдық мешіті «Рамазан шатырында» «Қазақ мәдениеті» күні аталып өтті.

Қазақ студенттері және басқа да ұлт өкілдері қатысқан игі шараға ҚМДБ тарапынан «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен бөлім маманы Хамзат Қажымұратұлы қатысты.

Қазақи нақышта домбыра үні мен қазақ әндері сабақтаса өткен мәдени-рухани шарада ҚМДБ өкілдері Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ораза айтына орай құтықтау лебізін жеткізіп, ораза айының құндылықтары, бауырмашылдық жайында уағыз айтты.

Жұмыс сапарының екінші күні қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш орда қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның жерленген зиратына барып, қазақтың біртуар ұлына Құран оқылып, дұға бағышталды.

 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру