МӘУЛІТ АЙЫНДА БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Мәуліт айының берекелі күнінде Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының қолдауымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбайдың ұйымдастыруымен жүзеге асқан игі бастама аясында Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атынан ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Құрбандық еті толықтай балалар үйіне табысталып, тәрбиеленушілерге үлестірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Мәуліт айының рухани мәнін ізгі амалдармен сабақтастырып, қайырымдылық пен жанашырлықты дәріптеу. Әсіресе ата-ананың мейірімі мен қамқорлығына мұқтаж балаларға қолдау көрсету арқылы қоғамдағы өзара көмек пен бауырмалдық құндылықтарын арттыру көзделді.
Қайырымдылыққа үлес қосқан демеушіге мешіт ұжымы алғысын білдіріп, жасаған ізгі амалының қабыл болуын тіледі. Алла Тағала қайырлы ісін еселеп, отбасына амандық, несібесіне береке нәсіп етсін.







Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі