«Мәзһабсызбен сұхбат» кітабы сыр оқырмандарына жол тартты

22 қараша 2018 6589 0
Оқу режимі

Бүгін Қызылорда қаласындағы Ә.Тажібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен «Зайырлылық – қоғамдық келісім кепілі» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция соңы салтанатты шаралармен жалғасты. Атап айтар болсақ, ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жақында ғана шыққан «Мазхабсызбен сұхбат» атты авторлық кітабының лентасы қиылып,  Сыр өңірінің оқырмандарына жол тартты.

Наиб мүфти кітабының мазмұнын конференцияға қатысушыларға таныстырып, көпшілікке қолжетімді болсын деген ниетпен  облыстық әмбебап кітапхана қорына тарту етті.

Сонымен қатар, аталмыш шара аясында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде қызмет атқарушы бірқатар имамдар аймақтағы конфессияаралық татулық пен төзімділікті нығайту, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттаудағы белсенділіктері үшін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов мырзаның атынан тағайындалған «Алғыспен» марапатталды.

Дереккөз: Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру