Мәжіліс төрағасы Рамазан айының басталуымен құттықтады

24 сәуір 2020 3724 0
Оқу режимі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымы үшін рухани тазарып, береке мен бірлік, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақыт. Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті ай әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деді Нұрлан Нығматулин.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру