Медресе директоры «Ана мен бала» аллеясының ашылуына қатысты (ФОТО)

16 мамыр 2019 5485 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен игі шара ұйымдастырып, Елордамыздағы №2 балалар ауруханасына тамаша сыйлық жасады. Қауымдастық мүшелерінің мұрындық болуымен «Ана мен бала аллеясы» республикалық акциясы ұйымдастырылып, №2 қалалық балалар ауруханасының аумағына 180-ге жуық ағаш отырғызылды.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаеваның айтуынша, бұл игі шараның ұйымдастырылып келе жатқанына 10 жылдан асқан көрінеді. Бүгінгі күнге дейін «Ана мен бала» аллеялар мен саябақтар акциясын өткізу аясында аймақтарда 20-дан астам жаңа «Ана мен бала» аллеялары мен саябақтары құрылды. 7 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 10 мыңға жуық гүл егілген екен.

Игі шараға Елордамыздағы «Астана» медресе-колледжінің директоры Ибрагим Келдібайұлы да қатысып, өз үлесін қосып қайтты. Игілікті шараға атсалысқан барша жандарға  алғысын жеткізіп, «Ана мен бала» аллеясының ашылу салтанатын дұғамен берекелендіре түсті.

Пікірлер Кіру