Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды
07 қараша 2018
9169
0
Оқу режимі
Сауд Арабиясында апталап жауған нөсер кесірінен қасиетті қос шаһар су астында қалып, тосын оқиға бес адамды өмірден ағызып әкеткен.
Корольдіктің Азаматтық қорғаныс басқармасы топан су салдарынан қаза болғандар қай қалада екенін ашықтамаған. Алайда, басқарма таратқан мәліметте су тасқынынан ағаштар мен бағдаршамдар құлап, жолдар жабылып, қозғалыс тоқтағаны айтылған.
Жергілікті баспасөз мәліметтері бойынша, мұндай қалың нөсер Сауд Арабиясында соңғы 20 жыл ішінде болмаған көрінеді. 28-қазанда басталған жауын корольдіктің Мекке, Мәдина, Рияд, Хаил, эш-Шаркие, Асир, Жазан, эль-Бах, эль-Жевх қалаларында әлі күнге тыйылмаған.
Метеорология және қоршаған орта басқармасы азаматтарды қауіпсіздікті сақтауға және қатты қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырды. Жаңбыр жауып жатқан қалаларда тағы да су тасқыны болуы мүмкін деген ескертпе берілді.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру