Мекке қаласындағы көше тазалықшысы марапатқа ие болды (ВИДЕО)

11 қыркүйек 2018 7639 0
Оқу режимі

Мекке қаласының билігі қарапайым көше тазалықшысын марапатқа лайық деп танып, сыйақы ұсынған. Өзге елден келген жұмысшының бұндай марапатқа ие болуына өз ісін адалдықпен атқарып, өткен аптада болған қатты нөсер кезінде де жұмысын жалғастыра түскені себеп болған. Бұл жайында қала әкімшілігінің Твиттер желісіндегі парақшасында жария етілді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде көше тазалықшысының жаңбырлы күнгі жұмысын кеңінен таралып, қоғам ризашылығын тудырған болатын.

Дегенмен, қала билігінің Твиттер парақшасында «басты қаһарманның» аты-жөні айтылмаған. Сыртқы келбетіне қарап желі қолданушылары оны Оңтүстік Азиядан келген болар деп топшылауда.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру