МЕККЕДЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

24 маусым 2023 2013 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласында Қажылық миссиясы жанынан ашылған алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының ашылуына қатысты.

Миссия құрамымен Мекке қаласына келген жоғары дәрежелі медицина мамандары Бас мүфтиге орталық жұмысымен, сонымен қатар қазақстандық қажылар үшін арнайы елден жеткізілген отандық дәрі-дәрмектердің тізімімен таныстырды.

«Қажылардың денсаулығын қадағалау, оларға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету – Қажылық миссиясының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты түрде жауапкершілікпен орындауымыз керек. Осы ретте қажылар арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізу аса маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеуге көмектесуіміз керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру