Меккеде қажылардың балаларына арналған балабақша ашылды

15 наурыз 2019 882 0
Оқу режимі

Мекке қаласындағы Харам мешітінің қасынан қажылардың балаларына арналған балабақша ашылатын болмақ. Сауд Арабиясы баспасөз құралдарының хабарлауынша, жаңа мекеме әйгілі Абрадж әл-Бейт ғимаратында орналасқан.

Мекке қаласының билігі мәлімдегендей, бұл балабақша қажылыққа келгендер үшін өте тиімді болмақ. Бүлдіршіндерді балабақша қарауына қалдырған олар еш алаңсыз құлшылықтарын өтеуге мүмкіндік алады дейді қала әкімшілігі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру