«Мектепке жол – 2019» акциясы «Әс-Сәлам» мешітінде жалғасты (ВИДЕО+ФОТО)

26 тамыз 2019 5574 0
Оқу режимі

Елорда мешіттерінде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Әс-Сәләм» мешітінде жалғасын тапты. 

Бүгін мешітте жылдағы үрдіс бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында 88 оқушыға оқу құралдары және мектеп сөмкесі таратылды. Іс-шараға ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінен Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов арнайы қатысып, акцияның мән-маңызына тоқталды.

Сонымен бірге, бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолдарына сәт сапар тіледі. Ата-аналар қауымы акцияны ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.   

1

1

1

1

1

1

1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру