«Мектепке жол» акциясы «Әлжан ана» мешітінде жалғасты (ФОТО+ВИДЕО)

25 тамыз 2019 5832 0
Оқу режимі

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздегі барлық мешіттерде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бүгінде ҚМДБ-ның дәстүрлі қайырымдылық шараларының біріне айналған «Мектепке жол» акциясына барлық өкілдіктердегі облыстық, қалалық, аудандық мешіттер жаппай атсалысып, жыл сайын мыңдаған мұқтаж отбасы шара шарапатын көріп келеді.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі жыл сайын қайырымдылық акциясына айрықша үлес қосып, демеуші жамағаттың қолдауымен жыл санап көрсетілер көмектің көлемі мен ауқымы да артып келеді. Аталмыш акция қасиетті жұма күні «Әл-Ғани» мешітінде (40 оқушы) бастау алып, «Нұр Астана» (200 оқушы), «Шейх Кунта қажы» (40 оқушы), «Раиса ана» (120 оқушы ) мешіттерінде жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін Елордамыздағы 400 отбасыға көмек көрсетілген болатын. Айта кетейік, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Елордамыздағы 11 бойынша 23-27 тамыз күндері өткізілетін болмақ.

Аталмыш акция апта соңында қалалық «Әлжан ана» мешітінде жалғасын тауып, 80 отбасыға қуаныш сыйлады. Мешіт бас имамы Серікбай Әділханның ұйымдастыруымен құлшылық ордасы биылғы жылы қайырымдылық шарасының шарапаты 80 отбасыға жеткен. Құлшылық ордасындағы қуанышты шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қатысып, бүлдіршінге қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесін тарту етіп, білім жолындағы сапарларына сәттілік тіледі. 

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру