МЕШІТ АУЛАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

28 маусым 2023 1630 0
Оқу режимі

Еліміз бойынша айт намазы оқылып болысымен көптеген құлшылық ордаларында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жылдағы үрдіс бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінде де Құрбан айт мерекесі ұлттық нақышта бастау алып, мешіт ауласында мерекелік шаралар өтті.

Жамағат арасында ұлттық спорт ойындары бойынша сайыс ұйымдастырылып, жігіттер жағы білек күшін байқасып жатқанда, «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі де қыза түсті.

Сондай-ақ, мешіт ауласында айт мерекесіне орай арнайы киіз тігіліп, айттық дастарханы жайылды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру