МЕШІТ КҮЗЕТШІСІНЕ ЖАМАҒАТ УМРА ЖОЛДАМАСЫН СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

05 қазан 2023 1494 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әр-Рахман» мешітінде бүгін ерекше қуанышты оқиға болды. Ашылғалы бері осы құлшылық ордасының қарауылы болып қызмет атқарып келген Ақылбекұлы Ермаханға мешіт жамағаты жиналып умра (кіші қажылық) жолдамасын сыйлады.

Қуанышты шараға қала бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қатысып, Ермаханға қажылық сертификатын табыстады. Осындай ізгі істерге ұйытқы болған мешіт бас имамына, жамағатқа айрықша алғысын білдірді.

Қуанышты оқиғаға орай жайылған дастархан басында жамағатқа насихат айтып, бірлік бар жерде береке барын жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру