МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

20 мамыр 2024 1276 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мешіт құжаттары мен сақтық шаралары» тақырыбында экстремистік әрекеттерден сақтану жұмыстарына байланысты практикалық семинар болып өтті. 

Тәжірибелік жиынға Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жандос Сейтенов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Өсерханұлы, «әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазан және өкілдікке қарасты құлшылық үйлерінен келген дін қызмкерлерімен бірге басқа да сала мамандары, атап айтсақ, күзет, электриктер, инженерлер мен тазалықшылар да қатысты.

Жиында қауіпті жағдайларда жедел шешім қабылдау мен жылдам әрекет ету нұсқаулықтары таныстырылып, арнайы мамандар қаладағы мешіттерде қызмет етіп келе жатқан кез-келген сала қызметкерін аңғарымпаз, жинақы болуға шақырды. Жиын соңында өкілдік қызметкерлері де өз ұсыныстары мен кеңестерін ортаға салды.

3 адам және адамдар оқып отыр кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

5 адам кескіні болуы мүмкін

6 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам кескіні болуы мүмкін

5 адам, кеңсе және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам, адамдар оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру