Мешіт шәкірттері арасында «Нурул-яқин»  кітабынан жарыс өтті (ФОТО)

14 желтоқсан 2019 1399 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Раиса ана» мешітінде ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне орай рухани кеш болып өтті. Адамзат баласына білім мен ақиқат нұрын шашқан Ислам дінін алып келген Пайғамбарымызға арналған Мәуліт кешінде Құран және Мәуліт оқылып, Сүйікті елшіге (с.ғ.с.) сансыз салауаттар айтылды. «Ол (с.ғ.с.) ең сүйікті жан!» бейне ролик, «Ол дүниеге келген кезде қандай оқиғалар орын алды», «Салауат айтудың 10 пайдасы» т.б. бейне-слайдтар мен көріністер көрсетілді.

Рухани кештің басты оқиғасы ретінде «Нурул-Яқин» кітабының қазақша аудармасынан «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК»  атты 6 топқа топталған 60 шәкірт арасынан жарыс ұйымдастырылды. Арнайы дайындалған 130 сұраққа жауап беру арқылы  шәкірттердің білім сарапқа салынып, мешіт қызметкерлері Елімай Ұтысқан, Әбжанов Абдуали, Ділдаханов Ақжан сайысқа төрелік етті.

Рухани Мәуліт кеші аясында дін мен дәстүр сабақатастығы да жаңғырып, «Раиса ана» мешітінің бас имамы Қалижан Байырбекұлы Айдар есімді жамағаттың баласы Нұрмұхаммедтің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру