МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА МИКРОАВТОБУС БЕРІЛДІ (ФОТО)

29 наурыз 2023 2257 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының қатысуымен 4 мұқтаж жанға қаржылай көмек және «Әзірет Сұлтан» мешітінің тазалықшысы Әйгерім Түгелбайға микроавтобус берілді. Үш баланы асырап отырған Пернебай Мұқанов құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқанда ауыр жарақат алып, төртінші баласын күтіп отырған жұбайы Әйгерімнің жұмысқа шығуына тура келген.

«SD FAMILY» футбол клубының директоры Сыдықбек Дидар Бақытбекұлының демеушілігімен, Астана өкілдігінің қайырымдылық шараларына жауапты Жақия Мерей Қанатұлының қатысуымен өткен қайырымдылық шарасы бұл отбасы үшін қасиетті Рамазан айының жылы шуағын сезіндіре түскендей.

 

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру