МЕШІТ ҰЖЫМЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

15 наурыз 2023 1690 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы сенбілікке шығып, құлшылық ордасы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы аумағы 17 гектар болатын мешітіміздің айналасы түгелдей ретке келтіріліп, құлшылық ордасының іші де мұнтаздай қалыпқа енді. Тіпті, мешіттің көлік тұрағы да кір-қоқыстан арылып, құлшылық ордасының сыртқы сәулеті бұрынғыдан да көріктене түсті.

«Әзірет Сұлтан» мешіті – тазалық пен тәртіптің жарқын үлгісіне айналған құлшылық ордаларының бірегейі. Қар ерігеннен кейін пайда болған қоқыстан тазартуды жөн санаған мешіт қызметкерлері ұжым болып мешіт айналасын тазалауға атсалысып қайтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру